«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қызу талқылап жатқан кезеңде біздің де ЖББ №5орта мектебінде мектеп кітапханашысы К.Ш Махашовамен 9-сынып оқушылары мектеп кітапханасында көрме тамашалады. Соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Т.Адамбаева оқушылардың латын әліпбиіне деген көзқарастарын, пікірлерін тыңдап, өзі де латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты ой қозғады. Оқушылар латын әліпбиімен танысып, өз аты-жөндерін, қала атауларын, қала дүкендерінің атауларын жазуға тырысты.
Дата: 9.11.2017, 10:41 Автор: СШ №5