Бәрін білгім келеді? Білімпаздар сайысы
Бәрін білгім келеді?Білімпаздар сайысы
«Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»
Нұрсұлтан Назарбаев
№5 орта мектеп кітапханасында оқушылардың күзгі демалыс мезгілінде «Бәрін білгім келеді?» атты білімпаздар сайысы 3-4 сыныптар аралығында өткзілді.
1. «Жаңару –жазудан басталады». Мақсаты : Оқушылардың заман ағымынан қалмай қазірден бастап латын әліпбиіне көшу туралы пікірлерін ортаға салу ;
2. «Менің сүйікті ертегілерім»:кітап оқуға қызығушылығын арттыру;
3. «Кім жылдам?»: оқушының ұшқырлығын ояту.
«Рухан жаңғыру : Болашаққа бағдар» жолдауында елбасы «Латын әліпбиіне» көшу туралы айтты. Қазір көгілдір экраннан, баспасөздерде күнде айтылып , талқыланып жатқан өзекті мәселе осы латын әліпбиіне көшу. Әліпби 32 қаріптен тұрады. Елбасы латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа қол қойып, 26 қазанда № 569 жарлығымен бекітті. Сондықтан қазірден бастап латын әліпбиін үйрену қажет. Осы орайда оқушыларға латын әліпбиі туралы айта отырып өз аты жөндерін жазғыздым. Ағылшын тілін жақсы меңгерген оқушылар бірден латын әліпбиінде мүдірмей жазғанын аңғаруға болады. Оқушылардың латын әліпбиіне деген көзқарасы өте жоғары екен.
Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жақын қазақ тұрады екен . Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшсек, сол қазақтармен жақындаса түсеміз. Түсіне білген адам үшін мұның да маңызы зор.
Оқушылар бос уақытын дұрыс пайдалану үшін сайысымызды «Менің сүйікті ертегілерім» бөлімімен жалғастырдық. Ертегі желісі бойынша әр түрлі викториналық сұрақтар қойылды.Осы орайда қатысқан оқушылар ертегінің мазмұнын ашты.Ертегідегі кейіпкерлерге ене отырып өзара жарысты. Оқушылардың ұшқырлығын тексеру мақсатында келесі бөлімде «Кім жылдам?» сайысында оқушы ойын тез жеткізуге, ойда сақтау қабілетін арттыруда шапшаңдығын білуге болады. Өткізілген сайысқа белсенді қатысқан оқушылар : Абилдина Д., Қымыранова Фариза мен Нұрбейне, Балғынбекова К., Тлеулесов Н., Қазбеков Н. сияқты оқушыларымыз көбейе берсін! Білімді оқырмандар көп болсын!