Размер шрифта:

Латын әліпбиі – заман талабы

Латын әліпбиі – заман талабы

№5 орта мектеп кітапханасында  8 «А» сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы кітапхана меңгерушісі  Елбасының «Болашақ қа бағдар :Рухани жаңғыру» жолдауындағы мақаласы негізіндегі ойын ортаға салды. Оқушылар өз пікірлерін ашық айтты. Қазіргі пайдаланып білім алып жатқан кітаптары да ,латын тіліне ауысама,келешекте  бәрі тек латын тілінде бола ма деген ойларымен бөлісті. Әрине 2025 жылдан бастап толық латын тіліне көшетінімізді айта отырып, латын тілінің өз  мәдениетіміз бен әдебиетімізде  орны ерекше . Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізген.1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған.
           Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылдан бүгінгі күнге дейін орыс графикасын  яғни кириллицаны қолданып келдік.

 Біз енді 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.

 «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы.

Дата: 17.10.2017, 8:35 Автор: №5 ОМ