Мектебімізде 2 - 4 сыныптар арасында дәстүрлі « Армысың аяулы күз, алтын күз! » танымдық сайысы өткізілді.

Мектебімізде 2 - 4 сыныптар арасында дәстүрлі « Армысың аяулы күз, алтын күз! » танымдық сайысы өткізілді.

Сайыс нәтижесінде «Күз ханшасы мен ханшайымы - 2017» анықталды. Бұл сайыс 4 кезеңнен тұрды. Таныстыру кезеңіде 2 «Ә» сыныбының ханзадасы мен ханшайымы «Ара костюмі мен гүл костюмінде» музыкалық қойылым көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды.

   3 а, ә сынып оқушылары заманауи әндерді шырқап, көрермендер көзайымына айналса, 4 а ,ә сынып оқушылары күз жемістері мен көкөніс кейпіндегі костюмдерді киіп, жұртшылықтың назарын аудартты. 2 а сынып оқушылары ұжымдасқан түрде сахнаға шығып, өздерінің бірлікпен жүретінін көрсетті.

Екінші кезең «Өнерлі өрге жүзер». Бұл сайыста барлық қатысушы жұп барынша өз өнерлерін ортаға салды.

Үшінші кезең үй тапсырмасы яғни , «Күз кереметтері» салат дайындап әкелу болатын. 3 ә сынып оқушылары бұл аталмыш кезеңге қиялдарын қосып ерекше салаттарының түрлерін әділқазылар алқасы алдында қорғап жоғары  ұпай жинады.

«Сән үлгісі» сайысында әр жұп полиэтиленнен, қағаздан, газеттерден, журнал беттеріннен т.с.с материалдардан сәнді костюммен  сахнаға шықты . Сайыс соңында Әділқазылар алқасы өз әділ бағасын беріп,  әр бір қатысушыны мадақтама мен дипломмен марапаттады. Мереке өте жоғары деңгейде өтіп, балаларға жақсы әсер қалдырды.

Дата: 17.10.2017, 7:33 Автор: №5 ОМ