5-6 сыныптар аралығында «Алаштың ақиығы Сұлтанмахмұт Торайғырұлы» атты кеш өткізілді.

5-6 сыныптар аралығында «Алаштың ақиығы Сұлтанмахмұт Торайғырұлы» атты кеш өткізілді.

Мақсаты : Алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығын  оқушыларға түсіндіре отырып, шығармаларын мәнерлеп оқуы.

   Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр – дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады. Ақын есімі – ел есінде мәңгі қалмақ.

Сұлтанмахмұттан зор әдеби мұра қалды. Бұл халқымызға қалдырған ақынның аманаты. Сол мұраны қадірлей білуіміз, оның алтын нәрін ала білуіміз керек. Шығармалары халықтың рухани өміріне терең қабысқан ақын мұралары әрбір оқушыға қымбат, әрі сүйікті. Сұлтанмахмұтқа берілген ең үлкен баға да осы

. Халықтың ғазиз ұлының сол арманы қазір орындалды. Қазақ халқы мәдениетті, азат ел болды. Биылғы жылы «Бір аймақ-бір кітап» акциясы аясында С. Торайғыров шығармаларын оқумыз керек.Сондықтан бұл үрдіс әлі жалғасын таба бермек.

Дата: 12.10.2017, 6:10 Автор: №5 ОМ