Размер шрифта:

27.09.17. №5 орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай 7 А, Ә сыныптары арасында интеллектуалдық-танымдық ойын өтті.

27.09.17. №5 орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай 7 А, Ә сыныптары арасында  интеллектуалдық-танымдық ойын өтті.

Тақырыбы: «Мәңгілік ел -мәңгілік тіл» Мақсаты:  Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, тілге құрмет көрсету .

Ойын алты айналымнан тұрды.

 1 -айналым : Таныстыру

2-айналым:  «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

3-айналым : «Зерек болсаң, зерделе»

4-айналым: «Ойлы  болсаң, озып көр»

5-айналым: «Мықты болсаң, тауып көр»

6 –айналым: Ойлан, Тап!

Әр айналымда оқушылар Тіл,  Мәңгілік ел туралы және  қазақ тілі мен әдебиетінен өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді. Екі сыныптың оқушылары өз білімдерін  көрсетті. Екі топ бірдей ұпаймен тең түсіп, соңында достық жеңді.

     

Дата: 28.09.2017, 11:10 Автор: №5 ОМ