Размер шрифта:

«Жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-дегі «Сыңғырла ,күміс қоңырау»салтанатты жиын ақпары

«Жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-дегі  «Сыңғырла ,күміс қоңырау»салтанатты жиын ақпары

Жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-де  қыркүйектің екінші жұлдызында  2017-2018 оқу жылының  Білім күніне арналған  салтанатты жиыны өткізілді.Мерекелік іс-шара 2017 жылғы айтулы мерекелер Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойы,  Қазақстанда халықаралық  ЭКСПО  көрмесі  және даталы мерекелер туралы айтыла отырып басталды.

Жиынға Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Әлмағанбетов Байзақ Әлмағамбетұлы және Балқаш  қаласының  прокуратурасының прокуроры  Күлпейісов Әділ Маратұлы шақырылды.Салтанатты жиынды  мектеп директоры   Абдуалиева Айна Тлеккабыловна  құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.Шақырылған қонақтар  мектеп оқушыларын,ұстаздарын және  ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндердің  тілектері тыңдалып, әндері шырқалды.11 сынып  түлегі Абдуали Нұрдаулет және ата-аналар  құттықтау сөз сөйледі.2017-2018 оқу жылының алғашқы қоңырауын  11 сынып оқушысы   Мұсабеков Алмат және 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған  Кәусар  соқты.Жиын соңы  мерекелік концертпен аяқталды.Соңында  естелік суретке түсіріліп, оқушылар  «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге сыныптарына  кірді.

9-11 сыныптарда  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегі аясында  «Мен- өз елімнің патриотымын»тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.Дөңгелек үстелге  Балқаш  қаласының  прокуратурасының прокуроры  Күлпейісов Әділ Маратұлы қатысып,оқушылармен  пікірлесті. Барлық сыныптарда    сынып сағаттары,тәрбие сағаттары өткізілді.

Дата: 4.09.2017, 9:05 Автор: СШ №5