Размер шрифта:

2-қыркүйек күні 3 «А», 3 «Б» сыныптарының арасында «Мен - кіші Отанымның патриотымын» тақырыбында тәрбиесағатыөткізілді

2-қыркүйек күні 3 «А», 3 «Б» сыныптарының арасында «Мен - кіші Отанымның патриотымын» тақырыбында тәрбиесағатыөткізілді

Мақсаты:

         1.Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
         2.Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
         3.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру,  өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. 

         Тәрбие сағаты оқушыларға жаңа оқу жылында биіктерден көрініңдер,  толағай табыстарға жетіңдер деген ізгі тілекпен басталды. Тәрбие сағатында «ЭКСПО-2017» көрмесі, «Балқаш қаласының 80 жылдық» мерейтойы тақырыбында болды. Әрі қарай картамен жұмыс болып соған байланысты оқушылар «Құрлық», «Су», «Күн», «Өсімдік» деген топтарға бөлінді. Сонымен қатар оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы әр топқа сұрақтар қойылды.  Тәрбие сағатында Ш.Уәлиханов атамыздың «Патриот болу нені білдіреді?Сүю –иә, бірақ тек өз жерін ғана емес, бірақ  оған міндетті түрде нақты бір нәрсе істеу" нақыл сөзіне талдау жасалып, Патриот деген сөзді қалай түсінесіңдер? «Патриот»  адам қандай болу керек деп ойлайсыздар? деген сұрақтар қойылды.  Ескендір Хасанғалиев атамыздың «Атамекен»әнімен сабағымыз аяқталды.

Дата: 4.09.2017, 5:49 Автор: СШ №5