Декада ко Дню Независимости РК

Декада ко Дню Независимости РК

7 желтоқсан күні - балабақша аумағы  және  балабақша іші мерекеге қарсы безендірілді. Сондай-ақ, әр жас ерекшелік топтарда  «Менің елім- Тәуелсіздік Қазақстан» тақырыбында  бұрыш рәсімделді.
8 желтоқсан күні – ортаңғы және  ересек топ балалары  «Достық» мұражайына  саяхат жасады. Онда этнопедагог Байбосынова А.К. балаларға қазақ халқының ежелгі тарихымен, салт- дәстүрімен, тұрмыс-салтымен және хан, билер туралы және т.б. мағлұматтар берді.
9 желтоқсан күні – ортаңғы топтарда  «Тербейін тәуелсіздік тал бесігін» тақырыбында өлең-жыр кеші өтті. Өлең-жыр кешінде балалар туғал ел, Отан, достық тақырыбында тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнады.
10 желтоқсан күні – ортаңғы, ересек топтарда  «Мен - егемен елдің болашағымын»  тақырыбында суретті көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балаларға «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында видео көрсетілім көрсетілді.
11 желтоқсан күні – ересек топтарда «Біз – Қазақстанның болашағымыз» атты ұлттық спорт  ойындары  өткізілді.  Ересек топ тәрбиешісі Н.Т. Мухаметжанова  балалар мен «Ханталапай», «Теңге алу», «Арқан тарту» және т.б. қазақтың ұлттық ойындарын ойнатып, көңілдерін көтерді.
14 желтоқсан күні – әдіскер Г.О. Жумырова     Балқаш қаласының КММ Гимназиясы мен Балқаш қаласы гуманитарлы-техникалық колледжбен сабақтастық жұмысын  жүзеге асыруда, балабақшамызда  «Қазақ халқының мәдениеті» қолөнер көрмесін ұйымдастырды.  Көрмеге барлық топ балалары тамашалап, халқымыздың қолтаңбалы  өнерімен  тереңірек таныса алды.
15 желтоқсан күні – кіші топтарда «Нұрлы балалық шақ» әңгімелеу,  ортаңғы топтарда «Отаным менің - Қазақстан» тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті және ересек топтарда «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» ертеңгілігі өткізілді.
      Сондай-ақ, балабақша меңгерушісі З.К. Мухаметжанова 15 желтоқсан күні педагогтарға «Өткен күрестер жеңісі- Тәуелсіздік жемісі» тақырыбында салтанатты жиналыс өткізді.

 

Дата: 25.12.2015, 4:45 Автор: Күншуақ