ҚР Президентінің жолдауына пікір
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына жолдауында – кіші-орта бизнесті дамыту және Қазақстанның 6 аймағында елдік өнім шығару бағдарламасын құру керек – деген пікірі ұнады. Ұлттық валютамыз тұрақты болатынына көз жеткізді. Сондай-ақ, 2016жылдың қаңтар айынан бастап медицина, білім, әлеуметтік қорғау саласына және мемлекет қызметкерлеріне жалақы көтеретінің хабарлады. Елбасымыздың бұл жолдауы халқымызға күш-жігер берді.
Рухы биік халқымыз Мәңгілік ел болу үшін талай қыстау замандарды бастан кешіріп, тәуелсіздікке жеткенін айтып кетті. Ел басымыз айтқандай қазіргі дағдарыс уақытында мойымай, «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» - деп, алдағы қиындықтарды жұмыла көтергенде ғана 30 елдің қатарына кіретінімізді айтты.
Әрине, Елбасымыздың бүгінгі халыққа жолдауындағы саясатын бір ауыздан қолдап отырмыз.