"Сәнқойлар мен Сәнгерлер" шоу байқауы

2023 жылдың 25 қыркүйегінде Халықаралық сұлулық күніне орай Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен "Сәнқойлар мен Сәнгерлер" шоу байқауына "Күншуақ" балабақшасынан Пыряев Леон және Омар Адина қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде II орын дипломымен Пыряев Леон марапатталды. Ал Омар Адина "Ең сәнқой қыз" номинациясын жеңіп алды. Марапат құтты болсын! Өнерлі де, өр мінезді балаларды тәрбиелеген ата-аналарына алғыс білдіреміз!

Дата: 26.09.2023, 15:35 Автор: Күншуақ