Салтанатты шара

Салтанатты шара

Ұстаздар күні - ең әсерлі және жарқын мерекелердің бірі.Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу сияқты маңызды іспен айналысып жатқан азаматтарға тағы да алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі.29 қыркүйекте Хамзин сарайында ұстаздар күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырды.Даналыққа, шыдамдылыққа, мамандыққа берілгендікке «рахмет» деңіз.Концертке қатысушылар ұстаздарға өздерінің жауапты да құрметті мамандығына деген көзқарастарын көрсете білді.

Концерт жүргізушілері ұстаздарды жылы лебізімен қарсы алды

педагогикалық еңбек ардагерлері, саналы ғұмырын жас ұрпақтытәрбиелеу мен оқытуға арнаған тұлғалар – осындай қиын, бірақ игілікті іс.

Оқытушылар ұстаздарымызға жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында атқарып жатқан істері үшін тағы да шын жүректен «рахмет» айтты.

Салтанатты шара барысында әрбір ұстаздар мен қонақтарға жылы лебіздер айтылып, аудан әкімі Қайрат Қамзин кәсіби шеберліктері үшін дипломдар, алғыс хаттар табыс етті.Ал, «Күншуақ» балабақшамыздан әдіскер Байғалықова Айнұр Баймұхамедқызы Алғыс хатпен марапатталды.

Салтанатты шарадан үлкен ләззат, жақсы көңіл-күй алдық.

Дата: 5.10.2022, 12:29 Автор: Күншуақ