8 наурыз

8 наурыз

8 наурыз – көктемнің келуін білдіретін мереке. Әрбір балабақшада осы көктем мерекесі қарсаңында салтанатты шаралар өткізілуде. Ал біздің балабақшада балалар мен олардың ата-аналарына Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік өтті. Дайындық мерекеден бұрын басталды. Тәрбиешілер балалармен бірге тақпақ оқыды, әңгімелер жүргізді, сахналық көріністер қойды, музыка жетекшісімен бірге ән мен би биледі. Сүйікті аналар мен әжелер үшін сыйлықтар жасалды: құттықтаулар. Балалар ертеңгілікке көңілді киініп келді. Және олардың үміттері ақталды. Мерекеге қатысқан тәрбиешілер өздерінің бар шығармашылық қабілеттерін, әртістік шеберліктерін, ынта-жігерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы өнерпаздар ретінде көрсетті. Балалар өздерінің тақпақтарымен, билерімен, әндерімен аналарына көптеген жылы лебіздерін,  ілтипатын білдірді.

Дата: 9.03.2022, 9:10 Автор: Күншуақ