Размер шрифта:

«Тіл – достықтың алтын көпірі»

«Тіл – достықтың алтын көпірі»
 Қазақ тілі апталығының төртінші күні «Тіл – достықтың алтын көпірі» ұранымен басталды.  Ересек және мектепалды даярлық топтарында «Мен туған тілімді сүйемін» челленджі өткізілді, онда балалар алған білімдерін тиянақтап, мақал-мәтелдерді, ұлы сөздерді қайталай білді. Мектеп жасына дейінгі балалар Қазақстанға саяхатқа барды, әртүрлі елдерді және олардың көрікті жерлерін көрді.
 
     Күннің екінші жартысында ұстаздар қауымы шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйрететін «Асық – ұлттық құндылық» атты қазақтың ұлттық ойынын ұйымдастырды. Қазақ тілі апталығының төртінші күні қазақ ертегілері бойынша қойылымдармен аяқталды.
Дата: 13.12.2021, 22:03 Автор: Күншуақ