«Ана тілім – дана тілім!».

«Ана тілім – дана тілім!».
6-10 желтоқсан аралығында «Ана тілім – дана тілім!» атты қазақ тілі апталығы басталды. Мақсаты: ата-ана, ұстаз, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, тілдің адам өміріндегі құдіретін көрсету. Бірінші күн «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбымен басталды.
 
     Барлық жас топтарында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты функционалдық сауаттылық апталығының ашылуы өтті. Мұғалімдер «Менің туған өлкем – Қазақстан» көрмесін ұйымдастырып, ата-аналар балаларымен бірге өздерінің шығармашылықтарын, қиялдарын көрсетті. Қазақтың ұлттық тағамдарын жаңғырту және танымал ету мақсатында «Бауырсақ Party» акциясы өтті.
 
     Көптеген балалар қазақ тілін үйренуде қиындықтарға тап болатыны белгілі. Балаларға үй тапсырмасын орындау қиынға соғады, көптеген ата-аналар қазақ тілін үйренуге мүлде қызығушылық танытпайды. Ата-аналардың қазақ тілін оқуға деген көзқарасын анықтау, ата-аналардың өтініштерін қазақ тілі пәні мұғалімінің зерделеуі, қазақ тілін білу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін сауалнама жүргізілді.
Дата: 13.12.2021, 21:58 Автор: Күншуақ