Размер шрифта:

Ағылшын тілін үйренеміз

Ағылшын тілін үйренеміз

     Балалық шақ-баланың дамуында үлкен маңызға ие және  болашақ өмірінің дайындық кезеңінің бірегейі болып табылады.Мектепке дейінгі жастың өзі өзекті, сондықтан балалардың шет тілін меңгеру мүмкіндігі шынымен ерекше болып табылады. Шет тілі мектептерде ғана емес, сонымен қатар көптеген балабақшаларда, түрлі курстарда, үйірмелерде, отбасында оқытудың міндетті құрамдас бөлігі болды. Шет тілін ерте жастан оқыту әлемнің тілдік және мәдени алуан түрлілігіне қызығушылық тудыруына,  басқа халықтардың тілдері мен мәдениеттерін құрметтеу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативті - сөйлеу тактикасының дамуына ықпал етеді. Біз тәрбиеленушілердің шет тілін сәтті меңгеруіне ықпал етуді, олардың қабілеттері мен таланттарын анықтауға және дамытуға, әр баламен шынайы және сенімді қарым-қатынас орнатуға, жаңа қызмет түрлеріне бейімделуге және тілдік ортаға ену арқылы балалар тобында әлеуметтенуге көмектесуді басты міндет деп санаймыз.

     Біздің балабақшада күннің екінші жартысында вариативті компонент өткізілді. Ағылшын тілінің оқытушысы Б.С. Адамбек вариативті компоненттің ашық көрінісін өткізді, онда балалар жыл мезгілдерімен танысып, түстерді бекітті.

Дата: 8.04.2021, 15:07 Автор: Күншуақ