Дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылығы апталығының жабылуы
Дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылығы апталығының жабылуы, барлық жас топтарында би және ойын элементтерімен таңғы жаттығулардан басталды. Орта және ересек топтарда «Тазалық - денсаулық кепілі» әңгімелері өтті. Сондай-ақ, ата-аналар «Спорт және отбасы» коллаждарын жасауға белсенді қатысты. Дене шынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшісі ашық аспан астында «Биле, биле» флешмоб ұйымдастырды, балалар барлық қимылдарды қуанышпен жасады. Күннің екінші жартысында барлық жас топтарында «Денсаулық еліне саяхат» интерактивті ойыны өткізілді, балалар әр түрлі спорт түрлері туралы білім алды. Дене шынықтыру-сауықтыру апталығының жабылуы «Спортакиада» деп аталатын салтанатты жағдайда өтті, оған балалар белсене қатысты. Бұл апта балалардың физикалық дамуына ғана емес, сонымен бірге олардың адамгершілік тәрбиесіне, қарсыласпен өзін дұрыс ұстай білуіне, командаластарына түсіністікпен қарауға, жетістіктер мен сәтсіздіктерге қуанып, ренжуге, оң эмоцияларды қалыптастырды, ересектер мен балаларды біріктірді.
Балалар спорты - шығармашылықтың ерекше түрі. Сондықтан біздің ұжымқазіргі уақытта балаларымыздың толық ашылуына және дамуына жағдай жасау жалғастыруда.