Математикалық сауаттылық апталығының төртінші күні
Математикалық сауаттылық апталығының төртінші күні әңгімеден басталды, балалар педагогтармен бірге "Күннің бөліктері" туралы әңгімелесті, оларды ажырата білуді үйренді. Барлық жас топтарында "Көңілді сандар" тақырыбында модельдеу бойынша тақырыптық сабақ өтті. Балалар өздеріне ұнаған сандарды қызығушылықпен мүсіндеді, және олардың әрқайсысы модельдеу үшін өзінің сүйікті түсін таңдай алды. педагогтар дене шынықтыру нұсқаушысымен көңілді старттар өткізді.
Бос уақытында тәрбиешілердің басшылығымен балалар "Көкөніс дүкені" сюжеттік – рөлдік ойынын ойнады. Балалар Кюизенер таяқшаларымен, есеп таяқшалармен танысты. Сондай – ақ, ата – аналармен бірге жұмыс жүргізілді: "Мен өсемін" коллажына, ата – аналар қуана қатысты.
Дата: 1.02.2021, 11:01 Автор: Күншуақ