"Ыбырай Алтынсарин "Кел балалар, оқылық!»

     Оқу сауаттылығының екінші күні "Ыбырай Алтынсарин  атты "Кел балалар, оқылық!» тақырыбында өтті.

     Балаларға  қонаққа  Алпамыс  батыр  келіп,  кітаптар  туралы жұмбақтар жасырды.  Балалар  Алпамыс  батырмен  сұрақ – жауап арқылы  ынталанып, қызығушылық  танытты.  

     Жас ерекшелігіне байланысты  әр топта педагогтар сабақ өткізді, онда  балаларды  "Өрмекші,  құмырсқа  және  Қарлығаш" ертегісімен  танысып, сабақ соңында балалар  талдау  жасау арқылы өз түсінгендерімен бөлісті, педагогтың оқыған ертегісі бойынша түсініп, сурет салды. (Ы. Алтынсарин).  

     Сондай-ақ, балалар   "Кітап қайдан келді"  бейне баяндарын тамашалады. Барлық  топтарда  "Болашақ  кітабы"  тақырыбында  жапсыру саласы бойынша  педагогтар  балалармен жұмыс жасап, балалардың жасаған жұмыстары өздерінің көңілдерінен  шығып, ерекше қызықты болды.


 

Дата: 20.01.2021, 15:32 Автор: Күншуақ