«Біздің Президент»

«Біздің Президент»
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні бүкіл Қазақстан Республикасында атап өтіледі. Оған тарихтан маңызды орын берілген. Қазақстан Президенті - мемлекеттік билік пен адамдардың бірлігінің, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының символы және кепілі.
     Тұңғыш Президент күнін атап өту аясында біздің «Күншуақ» балабақшасында бір қатар іс-шаралар өткізілді.
     24 қарашада барлық топтарда Мемлекет басшысының қызметінің мазмұнын көрсететін «БіздіңПрезидент» тақырыбында папкалар жасалды. Сондай-ақ, бұл күні тәрбиешілер балалармен «Тәуелсіз Қазақстанның Президенті» тақырыбында іс-шара өткізді.
     25 қарашада ортаңғы топтарда «Біздің Президент» тақырыптық іс-шара өткізілді, мақсаты балалардың Отан- Қазақстан Республикасы туралы ойларын кеңейту; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы ақпарат беру.
     26 және 27 қараша күндері ересектер және мектепалды даярлық топтарында «Тұңғыш Президент», «Елімнің Президенті», «Біздің Президент» атты ертеңгіліктер өтті. Тәрбиешілермен бірге балалар жүректеріне қолдарын қойып, Қазақстан Республикасының ән ұранын шырқады, Отан туралы өлеңдерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқыды, «Отаным менің өз елім!», «Тәуелсіз ел ұланы!», «Отаным»,« Қазақстан» сынды патриоттық әндерді шырқады. Бұл балалардың бойында Қазақстан туралы және алғашқы президент Н.А. Назарбаев туралы,  ең алдымен өз еліне, туыстарымен достарына, бір-біріне, балабақшасына, кішкентай Отанына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін патриоттық сезімін тәрбиелейді.
      Сондай-ақ, мерекеде балалар қазақтың«Қамшы алу», «Арқан тарту» ұлттық ойындарын ойнады. Іс-шара соңында балалар «Менің Отаным - Қазақстан!» әнін орындады.
      Балабақшада балалар алдымен Отан деген не, Президент кім, халық деген не, Қазақстан Республикасының рәміздері нені білдіреді деген ұғымдарды үйренеді. Ал бұл алғашқы адамгершілік және патриоттық сезімдерді тәрбиелеуде маңызды.
Дата: 30.11.2020, 20:57 Автор: Күншуақ