"Ер Төстік" балабақшасында Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына байланысты әдеби кеші өтті
-«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін » әдеби-кеш
Қазақтың біртуар азаматтарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейлі жасына арналған
-«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін »деген атпен2020 жылдың 16 қазанында әдеби-сазды кешіміз өтті.
Жас ұрпақты тәрбиелеп отырған ұстаздардың жүрегінің ішіне терең бойлайтын, қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап,насихаттап,рухани азық алатын,білім,өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосады деген ниетпен ұйымдастырылған іс-шара 5 кезеңнен құралған.
Осы байқауда әділ баға беретін әділ-қазы алқасын тағайындадық.
Реттік санын анықтау үшін жеребе тастап,жеребе тәртібі бойынша өлеңдерін оқитын ұстаздар,қара сөздерін айтатын ұстаздар және ән-жырына дайындалған ұстаздар бөлек шақырылып жатты.
Әрбір жыры,әрбір өлең шумақтары адамды ойландырып, баға жетпес сарынымен толғандырып отыратын Абай атамыз туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес,сондықтан жан-жақты дайындалып,улкен жауапкершілікпен,мағынасы мен мәні ұшан-теңіз болатын әдеби-сазды кешіміз өз мәресіне жетті.Соңында міндетті түрде марапаттау рәсімін ұйымдастырып,барлық қатысушыларды құр алақан қайтармадық.