Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» тақырыбында өткізілген жалпы республикалық сынып сағаты бойынша ақпарат

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» тақырыбында өткізілген жалпы республикалық сынып сағаты бойынша ақпарат

2020 жылдың 21 тамызы күні сағат 10.00-де «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ-де коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар ету мақсатында мектептің 1-11 сынып оқушыларымен «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?»тақырыбында жалпы республикалық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру,интернет-платформасымен танысу,мен және менің денсаулығым,жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі,интернетте жұмыс істеу ережелерін түсіндіру бойынша сұрақтар берілді. Сынып сағаты барысында оқушылар өздерінің сұрақтарын қоя отырып ,нақты жауаптарын алды.Оқушыларға мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталатындығы және 2020-2021 оқу жылында балаларға мектепке, оқу сабақтарына іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы және ұқыпты киіммен келетіндігі ескертілді. Қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, «ЕлАрна» телеарнасында орыс тілінде телевизиялық сабақтар көрсетілетіндігі айтылды.

 

Дата: 21.08.2020, 11:54 Автор: №24 мектеп-интернаты