Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болғандарды еске алуға және қаламыздың 80 жылдығына арналады.
2017 жылдың 03 ақпанында ЖББ № 1 орта мектепте «Қаламыздың тарихи батырлары» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға ЖББ №1, №3, №4, №10 және № 24 орта мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қаламыздың батырлары жайлы баяндамаларын оқыды. Мектебіміздің 9 Б сыныбының оқушылары Зарина Сатывалдина мен Константин Останин «Вера Хоружая. Өмірі мен ерлігі» жайлы баяндады.( жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Н.В. Сидорова) Олардың баяндамасымен слайд-фильм көрсетілді. Баяндамашылар Вера Хоружейдің ерліктері бүгінгі ұрпақтың жадында сақталады –деп сөздерін аяқтады.
Дата: 4.02.2017, 2:20 Автор: №10 ЖББОМ