Қанатыңды кең серпі!

Қанатыңды кең серпі!

Әлемдік Универсиада  алдында «Мектеп ғаламшары» ақпараттық бұрышында  «Универсиада - 2017» айдары, сынып бұрыштарында «Универсиада күнтізбесі»  ұйымдастырылды.

23.01 «Алға, Қазақстан!», «Универсиада символдары»атты салтанатты жиын және сынып сағаттары өткізілді. 16.01 мектептің құрама командасы хоккей бойынша қалалық жарыстарға қатысты. (жауапты Ю.В. Пестов)   

Мектебіміздің оқушылары коньки, шаңғы жарыстарына қатысты.

  Жексенбі күні, 22 қаңтарда 3А сыныбының оқушылары ата-аналарымен бірге  мұз айдынында қысқы ойындарды өткізді. (сынып жетекшісі М.А. Ливицкая) 

Оларға 5В сыныбының оқушылары  қосылды. (сынып жетекшісі К.Б. Аманжолова)

23 қаңтарда  мектеп ауласында сыныптардың шығармашылық топтары қардан  мүсіндер жасау конкурсына қатысты. Аппақ қардан балалар мен ата-аналар лезде түрлі-түсті  мүсіндер, аққала топтамаларын жасады. 

30 қаңтарда жиында конкурсқа қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.  

26.01 Әлемдік 28-Универсиаданың ашылу салтанатына арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Қатысушы 4-ші сыныптардың оқушылары қыстық ойындар бойынша жарыста көңілдері көтеріліп, серпіліс алды.   

29 қаңтарда Әлемдік Универсиаданың ашылу салтанаты күні  мектептің спорт алаңында  8-ші сынып оқушыларының қатысуымен«Қыстың қызықты ойындары!» атты жарыс өткізілді. (жауапты мұғалім Л.Г. Кочетков) 

 Балалар ойындарға қатысып командамен жұмыс жасап,  шапшаңдық, тапқырлық, жылдамдық қабілеттерін көрсетті.  Мұғалімдер мен оқушылар Әлемдік Универсиада-2017 ашылу салтанатын көңілді қарсы алып, Қазақстандық спортшылардың жеңімпаз болатындарына сенімді болды.   

 

                       № 10 жббом директоры                        Л.Ю. Горбулева 

Дата: 30.01.2017, 7:51 Автор: №10 ЖББОМ