Размер шрифта:

Білікті маман болу үшін не қажет?

Білікті маман болу үшін не қажет?

Кәсіби сынақты өткізу жоспарына сәйкес, 9-шы сыныптың 12 оқушысы  27 қаңтарда А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінде өткізілген әдістемелік күннің  іс-шарасына қатысты. Студенттер аудиториясында  қатысушыларға «Білікті маман болу үшін не қажет?»  деген сұраққа жауап беруге  көмектесетін тренинг өткізілді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолданылды. Тренинг қызықты, көңілді және пайдалы болды.  Мектеп оқушыларына психологиялық сергіту сәті өткізілді.  Бағдарламаның екінші бөлімінде  БГТК кабинеттеріне экскурсия ұйымдастырылды және  мамандықтар бойынша оқытушылармен кездесу болды.    

Дәл осы күні 9-шы сыныптардың  екінші тобы  9 оқушы, Балқаш сервис колледжінде болды. Олар колледж туралы, мамандықтар туралы ақпараттар алды.  Оларға «Шаштараз» мамандығы бойынша   тәжірибе көрсетілді.  

                   № 10 ЖББОМ директоры                               Л.Ю.Горбулева

Дата: 28.01.2017, 4:20 Автор: №10 ЖББОМ