онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы

онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы

2017 жылдың  21қаңтарында мектебімізде онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді. Сағат 12.00-де Қарағанды облысының білім Басқармасының жетекшісі А. Аймагамбетовтың төрағалығымен жиналыс басталды.   Жиналыс жұмысына білім бөлімінің әдіскері А.К. Орынбаева, мектеп инспекторы С.Т. Абдрасилова қатысты.

Жиналыста қаралған сұрақтар:

1.     «Қауіпсіз балалық шақ»

2.     Жаңартылған білім мазмұны дегеніміз не, орта білім беруде  қандай өзгерістер болды?

3.     Мектепте қамқоршылық кеңесі қалай жұмыс істеуі керек және оның негізгі міндеттері?

Ата-аналар жиналыс туралы өздерінің бағаларын беріп, пікірлерін жазды.

Ата-аналар жиналысында 262 адам  болды, олардың ішінде  жалпы мектеп бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы, әкелер Кеңесінің төрағасы, аналар Мектебінің төрайымы, сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы, сынып жетекшілері, сыныптың ата-аналары қатысты.

Дата: 26.01.2017, 2:41 Автор: №10 ЖББОМ