«Адал ұрпақ» жемқорлыққа қарсы жоспардың орындалуы бойынша
Есеп беру мерзімінде ата-аналар тарапынан жемқорлық фактлері туралы шағымдар болған жоқ. Күнтізбелік жиынтықты жүзеге асыру мақсатында «Аймақтағы жемқорлық құқықбұзушылығы картасы» конкурсына қатыстық. Осы жұмысқа 8-ші сынып оқушылары «Жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық» секциясы бойынша қатысты:
1. Ксения Марущак – 8 «б» сынып
2. Инга Винтер – 8 «б» сынып
3. Кирилл Шаталенко – 8 «б» сынып
4. Эмиля Толстых-Закусило – 8 «в» сынып
Жұмыс бірнеше кезеңмен өткізілді.
1-ші кезең. Оқушылар мектеп кітапханасында, үйде «Индустриальная Караганда », «Северное Прибалхашье» газеттерімен , бұқаралық ақпараттық құралдарымен жұмыс жасады. Қарағанды облысының ұйымдарындағы жемқорлық құқықбұзушылығы туралы айтылған мақалалар, белгілерді іздестірді. Қарағанды, Балқаш қалаларында болған жемқорлық құқықбұзушылығы туралы мақалалар табылды. Сонымен қатар топтың мүшелері интернет-ресурс материалдарын да пайдаланды.
2-ші кезең. Жинақталған ақпараттарды шартты белгілердің көмегімен Қарағанды облысының картасына кіргізді. Жасалған жемқорлық құқықбұзушылығы туралы толық ақпарат «Тоқта! Жемқорлық!» қосымшасына салынды.
ЖББ № 10 орта мектеп директоры Л.Ю.Горбулева