Размер шрифта:

«Мәңгілік Ел» сарқылмас құндылық»

 «Мәңгілік Ел» сарқылмас құндылық»

 Жиын залында Мемлекеттік Рәміздер орын алды. Сахнада «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні» баннері. Жиын басталғанша мемлекеттік және ресми тілде  шырқалған Отан туралы әндер, экрандағы «Тәуелсіз Қазақстан» слайд-фильмі ерекше шабыт сыйлады. Дабыл соғылып, жүргізушілер салтанатты жиынды ашты. Мемлекеттік Рәміздерге құрмет көрсету ереже бойынша орындалды.  

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалған соң,  8-ші сынып оқушысы Д. Молчанов мемлекеттік тілде Тәуелсіздік туралы өлеңін  оқыды. Мелекетіміздің құрылу тарихы «Тәуелсіздік белестері» туралы 8 «а» сыныбының оқушылары мазмұндады.

Қазақстан Республикасының құрылуына және дамуына  зор үлесін қосқан Еліміздің Президентінің атына алғыс сөздерін өлең жолдарымен  9-сынып оқушысы Е. Мотин оқыды. Мереке қарсаңында қалалық олимпиада өткізілді. 25 жұлдызды күндер жиынында жеңімпаздар мен белсенділер грамотамен марапатталды. Мектебіміздің дәстүрлі салты бойынша бестіктер Апталығыда еліміздің мерейтойымен байланыстырылды. Іс-шаралар «Білімді ұрпақтар Отаны!» ұранымен өткізілді.

 Жиында онкүндік  шеңберінде бестік бағаны көп алған 12 сыныпқа «Супер сынып» медалі тапсырылды.  Ал үздіктер қатарынан  33 оқушы аталды. 11-сыныптардың барлық оқушыларының күнделіктеріне естелік ретінде  «Супер күнделік» белгісі қойылды. 2-10 сыныптардан  30 оқушы аталды. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқан  оқушылар грамотамен марапатталды.

Бишілер тобы өз өнерлерін көрсетсе,

вокалдық топ  Тәуелсіз Еліміз туралы әнді орындады.

Жиын Тәуелсіз Қазақстан Республикасының  құрметіне  арналған жолдармен аяқталды.  Барлық сыныптарда тақырыпқа сай сынып сағаттары өткізілді. 

 Осы күні мектебіміздің мұғалімдері  «Қазақша сөйлейік!» қалалық конкурсына қатысты.  ЖББ №10-орта мектеп өкілдері 2-орынды жеңіп алды.

 

 

                  ЖББ № 10 орта мектеп директоры            Л.Ю.Горбулева 

Дата: 21.12.2016, 4:07 Автор: №10 ЖББОМ