«Мерейлі отбасы»
Дәл осы күні мектептің ақпараттық бұрышында отбасы жайлы фотодеректер орын алды. Аналар Мектебінің төрайымы Елена Владимировна Ксенофонтова және мектептің жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы Наталья Сергеевна Давыденко қалалық Аналар Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға қатысты.
Мектептің жиын залында 3-8 сыныптардың оқушыларының ата-аналарының арасында «Мерейлі отбасы» конкурсы өткізілді. Конкурсты Аналар Мектебі ұйымдастырды. Конкурсты жүргізуші Галина Владимировна Тила (Аналар Кеңесінің мүшесі) конкурсқа қатысушы Табиевтер, Ксенофонтовтар, Петрунин-Сухарев жанұялармен таныстырды.
Әр отбасы слайд арқылы, өлең жолдарымен өздерін ресми түрде таныстырды. Сонымен қатар Отбасылық таңба мен ұранның мағынасын түсіндірді. Петрунин-Сухарев отбасының таныстыруы көрермендер, оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер үшін тосын салтанат болды.
Конкурстың қызықты сәттері көп болды: Табиевтер отағасының «Атамекен» әнін орындауы, Ксенофонтовтар отбасының әзіл қойылымы және Петрунин-Сухарев отбасының шығармашылық жұмысты орындауы.
Үй тапсырмасы орындалғаннан кейін, жүргізуші қосымша тапсырмалар ұсынды. Бұл сынақтыда отбасылар сәтті орындады. Қазылар алқасы қорытынды шығарғанша көрермен қауымы «Денс-класс» бишілер ұжымының билерін тамашалады. Конкурс қорытындысы бойынша отбасылар номинациялармен марапатталды:
1. Петрунин-Сухарев «Шығармашыл отбасы»
2. Ксенофонтовтар «Тату отбасы»
3. Табиевтер «Ұйымшыл отбасы»
Конкурс жүргізушінің Отбасы дегеніміз не? деген сұрақты қорытындылауымен аяқталды. Отбасы- туған-туысқан, бір шаңырақтағы өмірге көзқарасы ұйымдасқан ата-ана мен бала және олардан тараған ұрпақтар. Осы ұғымға Мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойының 25 жұлдызды күнінің отбасылық мерекесі дәлел болды.
ЖББ № 10 орта мектеп директоры Л.Ю. Горбулева