Размер шрифта:

«Қазақстан Республикасы Президентінің Институты» Күні

«Қазақстан Республикасы Президентінің Институты» Күні

30 қарашада мектебімізде 1 және 2-ауысымның оқушылары үшін,  салтанатты жиын өткізілді. Жиын залында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы және Мемлекеттік Елтаңбасы орын алды. Сахна ақ, көгілдір және сары түсті маталармен, «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні» баннерімен байланыстырлып сәнді толықтырылған. Жиын барысында Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қайраткерлік істері жайлы бейнефильмдер, еліміздің Астанасы жайлы фильмдер, Қазақстанның табиғаты туралы бейне сюжеттер көрсетілді. Сағат 11.20-да жиынның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Жүргізушілер Тұңғыш Президентіміздің басшылығымен елімізде болып жатқан өзгерістер жайлы баяндап, білім берудегі, денсаулық саласындағы жаңалықтарды ерекше тоқталып айтты және Президентіміздің  бейбітшілікті нығайтудағы рөлі жайлы да мақтан етіп айтты.

Мектеп директоры мұғалімдер мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Жиында «Жас Ұлан» БЖББ  мектебіміз бойынша  Ұланбасы Никита Король ант берді.  

Жасұландықтар  қалалық  агитбригада конкурсындағы 1-ші орынды жеңіп алған өнерлерін көрсетті.  

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына арналған іс-шараларға қатысып, жеңімпаз болғандар грамотамен марапатталды.

Жиын соңында еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевқа арналған  жылы сөздер айтылды.              

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, жиын аяқталды.

Жиыннан кейін, барлық сыныптарда тәрбие сағаты өткізілді.

Дәл осы күні 1-6 сыныптардың оқушылары кинотеатрда еліміздің тарихы жайлы фильмді тамашалады.

 

ЖББ № 10 орта мектеп директоры                              Л.Ю.Горбулева

Дата: 19.12.2016, 2:14 Автор: №10 ЖББОМ