Болашақтың энергиясы
2016 жылдың 12 қарашасында ЖББ № 10 орта мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына орай, «Болашақтың энергиясы» жас өнертапқыштар мен құрастырушылар қалалық конкурсы өткізілді. Аталған конкурстың мақсаты өнертапқыштық пен құрастырушылық арқылы инновация мен жоғары технология саласына қызығушылықты арттыру және кәсіптік бағытта ықпал ету мен оқуларын АООО және ЖОО жалғастыруға көмектесу. Конкурста жбб № 1, 3, 10 орта мектептердің оқушылары жұмыстарын ұсынды. Мектебіміздің директоры Л.Ю. Горбулева қатысушыларға сәттілік тіледі. №1 жббом оқушысы В. Лупан сөзін энергоүнемдеуші технологияларды қолданушы қазіргі санаторияға арнады. № 3 жббом оқушысы болашақтың экологиялық таза үйі жобасын қорғады, ал мектебіміздің 9-сынып оқушысы К.Останин «Болашақтың мектебі» тақырыбында сөзін дайындады. Конкурста «ғылыми кеңес» жұмыс жүргізді, оның құрамында Балқаш сервис колледжінің тәрбие жұмыстары бойынша директор орынбасары Ж.К. Телекпаева, Балқаш техникалық колледжінің электротехниканы оқытушысы Женис Айтолкын және БТК өндірістік оқыту шебері Ж.Т.Аманбекова болды. Конкурстың қорытындысын шығару алдында жбб № 10 орта мектептің вокалдық тобы «Менің Қазақстаным» атты әнді орындады. (жетекшісі М.В. Кладинова) «Ғылыми кеңес» конкурстың қорытындысын шығарып, жариялады. 1-орын Константин Останинге (№10 жббом), 2-орын (№ 3 жббом) және 3-орын Владимир Лупанға (№ 2 жббом) берілді. Барлық қатысушылар қалалық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.