күзгі каникулда «Күз қиялы» атты іс-шарасының өткізілгені туралы

Оқушылардың парасаттылық, жеке шығармашылық қабілетін дамыту үшін, денсаулығын нығайту, каникул кезінде бос уақытын тиімді пайдалануы үшін жағдай жасау мақсатында, күзгі каникул қарсаңында «Күз қиялы» атты іс-шараның жоспары жасалды. Ақпараттық қабырғада «Күзгі каникул» айдарымен жоспар ұйымдастырылды.
1-ші тоқсан қорытындысы бойынша жиын, сынып сағаты өткізілді. Оқушылар каникул жоспарымен танысты, оларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережесі, қауіпсіздік ережесі туралы айтылды. Сыныптар қалалық іс-шараларға қатысуға тапсырмалар алды.
Мектепалды дайындық сыныптарында күз мерекесі өткізілді. Бүлдіршіндер өлеңдер оқыды, жұмбақтар шешті, ойындар ойнады. Оларға қонаққа ырысын арқалап Алтын Күз келді.
2016 жылдың 31 қазанында 1-ші сыныптардың оқушылары үшін, математика пәні бойынша «Математикалық сандықшаның құпиясы» викторинасы өткізілді. (жауапты Б.Е. Рысбаева) Оған 15 оқушы қатысты. Викторинаға бірінші сыныптардың оқушылары белсенді қатысты. «Мәндер нені білдіреді?» ребусын шешу балаларға ұнады. Алина мен Диана Темировалар, Шабнам Хрячкова, Анаид Тарбеньян ерекше көзге түсті. Балалар жұмбақтар шешті, өздері білетін жұмбақтарында жасырды. Логикалық есептер шығарды. «Математикалық моншақтар» тапсырмасын орындау балаларға қиындықтар туғызды. Белсенді қатысқан оқушыларға жеңімпаз медалі тапсырылды. Математикалық викторина барлық қатысқан оқушылардың жұмыстарының нәтижелі екенін көрсетті.
2016 жылдың 03 қарашасында 3-ші сыныптардың оқушыларының арасында «Көңілді математик» викториналық ойыны өткізілді. (жауапты А.Е. Вешнякова), ойынға 20 оқушы қатысты. Іс-шара жұптық және топтық жұмыс түрін қолдану арқылы өткізілді. Тапсырмалар оқушылар ұжымының бірігуіне бағытталды. Викториналық ойын бес конкурстан тұрды. Әр конкурста бір команда жеңімпаз болды. Ойында математикалық диктант, «шаршыны қосу», жұмбақтың жауабын ата, капитандар жарысына тапсырмалар болды.
Балалар барлық тапсырмаларды қызығып орындады, топтық жұмыстарды ақылдасып шешті. Әр команданың атауы, девизі және эмблемасы болды.
1-ші қарашада 9-сыныптардың оқушылары (10 оқушы) БТК кәсіби сынақты өткізуге қатысты. (жауапты Л.В. Кириченко) Балалар мамандықтар бойынша топтарға бөлінді. Краншылар тобы зауытта болып, арнайы жаттықтырушы арқылы краншының жұмысымен танысты, ал болашақ электриктер колледж қабырғасында өз таңдауларының сырымен танысты. Бұл іс-шара болашақ мамандықты таңдау үшін пайдалы, әрі қызықты болды.
4 қарашада «Жүргізушілермен бірге» лидерлер жиын-кездесуі өткізілді.(жауапты Л.В. Кириченко) Жиын жұмысына мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің, әкелер Кеңесінің, аналар Мектебінің, әлеуметтік-психологиялық қызмет төрайымдары және мектептің өзін-өзі басқару лидерлері қатысты. Мектеп психологы А.Д. Крюкова жиын-кездесу алдында ойын өткізді. Сонан соң мектептегі өзін-өзі басқарудың оқу-тәрбие үрдісіндегі алатын орны туралы іскери әңгіме жүргізілді. Балалардың сондай-ақ үлкендердің өзін-өзі басқару жұмыстарындағы шешуін табуға кірісетін мәселелер айқындалды. Сонымен қатар әкелер Кеңесінің, аналар Мектебінің мектеп оқушыларымен бірігіп атқарған істері туралы сұрақтар қарастырылды. Жиын-кездесуде барлық қатысушылар белсенділік танытты. Балалар мен үлкендердің бірігіп атқарған істері - оңтайлы нәтиже үшін деген шешім қабылданды.
Кездесу соңында дастархан жайылды. Ұйымдастырушы аналар Мектебінің төрайымы Елена Владимировна Ксенофонтова болды.
8 «б» сыныбында ( сынып жетекшісі О.А.Желобецкая) дәстүрлі «Туған күніңмен!» сыныптық іс-шарасы өткізілді. Балалар сынып жетекшісімен бірігіп өз сыныбының «туған күніне» арналған іс-шара бағдарламасын әзірледі. Күзгі каникулда мектеп спорт залында әр жастағы балалар тобына арналған жарыстар өткізілді.
Пионербол жарысындағы жеңімпаздар: 1-орын 5Г сыныбы; 2-орын 5В сыныбы; 3-орын 5А сыныбы. Жоғары сыныптар арасында волейболдан жарыс қорытындысы: 1-орын 10-сынып; 2-орын 9Б сынып; 3-орын 11-сынып.
5-8 сыныптардың оқушылары оқушылар Сарайында концертте болды. 7-ші сыныптардың ұжымы қалалық өлкетану мұражайында болды.
5 қарашада оқушылар Сарайында дебаттық турнир өткізілді. Біздің мектебіміздің командасында Санжар Абильмажинов, Диас Жакыпбаев, Амир Мукашев болды. Командамыз 1-орынды жеңіп алды және облыстық дебаттық турнирге жолдама алды. Команданың жаттықтырушысы Калымбек Серикбол Калымбекович. Сыныптас оқушылар «жанкүйер» болды. Қалалық «Күзгі дала көрінісі!» сурет салу конкурсында 2-сынып оқушысы Евгения Романова 2-орын алды. Металлургтер сарайында өткен патриоттық әндер фестиваліне вокалдық топ қатысты. (жетекшісі М.В. Кладинова)
«Мектеп ғаламшары» ақпараттық қабырғасында оқушылардың қалалық іс-шараларға қатысуының қорытындысы, құттықтау сөздерімен орын алды.
ЖББ № 10 орта мектеп директоры Л.Ю. Горбулева