Болашақта кім боламын!

Болашақта кім боламын!

Мектептегі маңызды мәселелердің бірі 9-шы, 11-ші сыныптардың оқушыларының мамандықты дұрыс таңдауына дайындыққа көңіл бөлінеді. Осы мақсатта колледждердің, университтердің өкілдерімен кездесулер, әңгіме сағаттары, кәсіптік бағдар бойынша портфолио әзірлеу, белсенді тұлғалармен кездесулер өткізіледі. Мамандықты таңдауда қателікті болмау үшін кәсіптік бағдар берудегі өткізілетін іс-шаралардың бірі кәсіптік сынақтарға қатысу. 1қараша күні Балқаш техникалық колледжінің әкімшілігінің шақыруы бойынша 9-шы сыныптардың оқушылары кәсіптік сынаққа қатысты.  Балалар аталған колледжден қандай мамандықты оқып шығуға болатынын  көріп қайтты.  Өз қолдарымен электр сымдарын жалғап, шамды жарқыратудың, бөлшектерді ілгішке жалғап көтергіш кранмен жұмыс істеудің сырын көрді. (оқу-жаттығу) Кәсіптік сынақтарға қатысқан негізгі мектепті бітірушілер болашақ мамандығын дұрыс таңдай алады. Көктемгі каникул уақытында балалар тағыда колледжде қонақта болмақ!

Дата: 3.11.2016, 5:29 Автор: №10 ЖББОМ