Размер шрифта:

Сиқырлы Алтын күз !

Сиқырлы Алтын күз !

Қазан айының соңғы күндері мектебімізде  «Алтын күз» ұжымдық-шығармашылық іс-шаралары өткізілді. Мерекелік іс-шараларды өткізу алдын-ала дайындықтан басталды. Барлық сыныптарға тапсырмалар берілді.

Сыныптар қойылымдар, музыкалар және әр түрлі нөмірлерді дайындады.

Мерекені ұйымдастырушылар сценарийді, жүргізушілерді, т.б дайындау жұмыстарын жүргізді. 

27 қазан күні 7,8-сыныптар үшін, 28 қазан күні 9,10,11- сыныптар үшін күзгі бал мерекесі өткізілді. Сыныптар өздерінің актерлік шеберліктерін, шығармашылық  қабілеттерін көрсетті.  Мереке соңында қазылар алқасы қорытынды жасап, барлық сыныптарды номинациялар бойынша марапаттады. 29 қазанда 5,6-сыныптары үшін де күз мерекесі тойланды. Қоңыр күздің салқынына қарамастан балалар көтеріңкі көңілмен тарасты. Алақай каникул! басталатын уақытта жетті.  

Дата: 3.11.2016, 5:25 Автор: №10 ЖББОМ