Размер шрифта:

Республикалық отбасы Күніне арналған «Отбасы-бақыт мекені» апталығының өткізілуі туралы

Республикалық отбасы Күніне арналған «Отбасы-бақыт мекені» апталығының өткізілуі туралы

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-аналар қауымының атқаратын істерін белсендендіру мақсатында мектепте ата-аналармен бірлесіп іс-шаралар өткізілді. Мектеп ғаламшары тақтасында іс-шара айдары жарияланды, фойеде «Отбасы-бақыт мекені» көрмесі ұйымдастырылды.

10,11-сыныптармен  « Адам өміріндегі отбасының рөлі» әңгіме сағаты өткзілді.( сынып жетек. Жантаева Б.А.). 9-шы сыныптарда «Қазіргі отбасындағы проблемалар және оны шешу жолдары» дөңгелек үстелі өткізілді.(жауап. Н.В. Сидорова) 8 –ші сыныптардың оқушылары «Отбасым - алтын діңгегім» шығарма жазу конкурсына қатысты. (жауап. О.А. Желобецкая) Сынып жетекшілері Д.Т. Ахметованың және С.Б. Базарбекованың басшылығымен   7-ші сыныптардың оқушылары «Біздің тату отбасымыз!» альбом коллажын әзірледі.  6 «б» сынып (сынып жетек.Т.В.  Якушенко)«Отбасылық шарайна»альбомын дайындады.

3-11 сыныптарда «Қазақстандық бақытты отбасы» сынып сағаты өткізілді.

 1-сыныптардың оқушылары «Әжем мен атам бірге» сурет салу конкурсына, ал 2-сыныптардың оқушылары «Менің отбасым» тақпақ айту конкурсына қатысты.

 6 «в» сыныбының оқушылары ( сынып жетек. Г.К. Молдабекова)  отбасы туралы, кездесетін жағдайларды айтты, оны шешу жолдары бойынша тапсырмаларды орындады, 9«а» сыныбының оқушылары слайд-фильмнің көмегімен өздерінің сыныптастарының отбасымен танысты.   

Апталық шеңберінде бастауыш сыныптардың оқушылары  ата-аналарымен бірге жоспарланған іс-шараларға қатысты. 

Бірінші сыныптардың ата-аналары үшін «Келіңдер, танысайық!» -   жалпы мектептік жиналысы өткізілді. Ата-аналар алдында ТЖ бойынша директор орынбасары  М.А. Ливицкая, мектептің медбикесі М.Р. Гарайшина,   психологтар А.Д. Крюкова , А.О. Кайырханова  сөз сөйледі. 2016 жылғы 10 қыркүйекте «21 ғасырдың ата-анасы.  Өз балаңа үлгі бол. Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Ата-аналарға Қазақстан Республикасының білім және ғылым және Қазақстан Республикасының Отбасылық Тәрбие Институтының Министрі  Е.К. Сагадиевтің сәлем хаты оқылды.  Жиналыста ата-аналар мен педагогтар арасында  сындарлы сұхбат жүргізілді, бейне фильмдер көрсетілді, кеңестер берілді. Ата-аналар конференция қорытындысы туралы пікірлерін жазды.   

 4-сынып оқушыларының отбасылық конкурсы «Әкем, анам, мен – оқимыз жанұямен!» деп аталды.  Отбасылар өздерінің білімдерін ғана емес, шығармашылық және музыкалық қабілеттерін көрсетулері керек болды. Барлық отбасылар номинациялар бойынша грамоталармен, медальдармен марапатталды. Жеңімпаздар мен ең белсенді қатысушылар грамотамен марапатталды.   

 

 ЖББ № 10орта мектеп директоры                Л.Ю.Горбулева

Дата: 4.10.2016, 3:33 Автор: №10 ЖББОМ