Білім Күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және Конституция Күніне арналған салтанатты жиынның өткзілуі

Білім Күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және Конституция Күніне арналған салтанатты жиынның өткзілуі

1 қыркүйекте мектеп ауласындабілім Күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және Конституция Күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мектеп ауласына түсті  шарлар, ленталар мен жалаушалар ілініп  мерекелік безендіру ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздер орнатылды.  Жиын басталғанша  мектеп ауласында (мемлекеттік және орыс тілінде) Қазақстан, балдәурен, мектеп туралы әндер шырқалды. Жиынға құрметті қонақтар қала әкімі А.М. Аглиулин, білім бөлімінің бастығы Г.Ж. Агдарбекова қатысты. Мектеп мерекесіне білім саласының ардагерлері, ата-аналар келді. Сағат 10.00-де  әуен үнімен салтанатты жиын ашылды.  

Жиын «Денс класс» ұжымының «Көңілді саяхат» хореографиялық композициясымен басталды. Жүргізушілер М.А. Ливицкая мен С. Абильмажинов қатысушыларға үш тілде сәлем жолдап, бірінші сыныптарды жиынға шақырды. Жүргізушілер Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы және Мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Мектеп директоры құрметті қонақтармен қала әкімі А.М. Аглиулимен және білім бөлімінің бастығы Г.Ж. Агдарбековамен таныстырды.  Құттықтау сөзі қала әкімі А.М. Аглиулинге берілді.

Мектеп директоры жаңа оқу жылында толағай табыстарға, шығармашылық жетістіктерге жетейік деген жылы лебіздерін айтты.  «Мәңгілік ел: бір ел, бір тағдыр» блогын   «Жарық жүректер» үгіт бригадасы ашты. Жасұландықтар еліміздің Тәуелсіздігі, Қазақстандағы халықтар достығы туралы айтты. Үгіт бригадасы  аспанға шар ұшырып «Мен, Сен,Ол» музыкалық-хореографиялық композициясымен  өнерлерін аяқтады.

«Армысың, мектебім!» блогында бірінші сынып оқушылары мектеп туралы өлеңдер айтып, жақсы оқушы боламыз деген уәделерін берді. 

Бұл оқу жылы тек бірінші сыныптар үшін емес, бүлдіршіндерге мектеп кілтін тапсырған 11-сынып оқушылары үшінде маңызды.

Әкелер Кеңесінің атынан құттықтау сөзін барлық ата-аналар атынан  төраға А.С. Русских алды.                                                

2017 жылы Балқаш қаласы 80 жылдығын тойлайды. Осы мерекеге орай «О, Балқашым сен үшін !» атты музыкалық-би композициясы орындалды.  Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын бірінші сынып оқушысы Варвара Давыденко мен 11-сынып оқушысы Амир Мукашев соқты.

 Жиын Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Әнұранын орындаумен аяқталды.  Мектепке алғашқы сабаққа кіруге бірінші сынып оқушыларына жол берілді. Олар сынып жетекшілерімен және 10,11- сыныптардың оқушыларымен сыныпқа жол тартты.  Құрметті қонақтар мектепті аралап, 10,11-сыныптардың әңгіме сағатына қатысты.

 «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің  шеңберінде  10, 11- сыныптарда «Мен-өз елімнің патриотымын!» атты сабақ өткізілді. Сабаққа қала әкімі А.М. Аглиулин және білім бөлімінің бастығы Г.Ж.  Агдарбекова қатысты.

Сабақты 10-сынып жетекшісі, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі   Б.А. Жантаева  бастады. Сабақта еліміздің 25 жылда жеткен табыстары жайлы айтылды.  Оқушылар еліміздің экономика, мәдениет, білім беру, ғылым, спорт салаларындағы нәтижелері туралы өз пікірлерін айтты, «Мәңгілік ел» партиоттық актісі  нені пайымдайды, «Өз еліңнің патриоты болу дегенді қалай ұғасың» сұрақтарына ойланып, жауап берді.  Оқушылардың сөздері Тәуелсіз Қазақстан туралы бейне роликтермен дәлелденді. 

Барлық сыныптарда «Мен- өз елімнің патриотымын» бірыңғай сабақ өткізілді, сабақтың мақсаты «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық және толеранттық, рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру. Сынып жетекшілері сабақта интерактивтік тақтаны, баспа материалдарын пайдаланды.

  ЖББ № 10-орта мектеп директоры                  Л.Ю. Горбулева    

Дата: 4.10.2016, 3:25 Автор: №10 ЖББОМ