«Көңіл үшін» шығармашылық кеші

2016 жылдың 17 наурызында мектебімізде «Көңіл үшін» атты шығармашылық кеші өтті. Оған мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Осы кеште 10-сынып оқушылары синтезаторда ойнап, әр тілде әндер айтты және авторлық поэтикалық шығармаларды орындап өздерінің өнерлерін көрсетті. Гитарада ойнауды оқытушы ұстаз қонақ болып, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ю.С. Герасимецпен музыкалық композицияны орындады. Гитара үнімен әдемі, әсем әндер айтылды. Кеш соңы музыкалық-әзіл бейнеслайд әуенмен жалғасып қонақтарға көтеріңкі көңіл және ерекше сезім сыйлады.
Дата: 19.03.2016, 5:44 Автор: №10 ЖББОМ