Жасаған жақсылық- басқаға игілік!
Күнтізбеде біздің бала кезімізден білетін көптеген мерекелер бар. Бірақ барлығы білмейтіндері де кездеседі. 2016 жылдың 12 ақпанында ЖББ №10-орта мектеп оқушыларын С.Сейфуллин атындағы кітапхана қызметкерлері Кітап сыйлау Күніне шақырды. Кітапханаға 3 «б» сынып оқушылары, жетекшілері А.Б. Жумажановамен бірге бірінші болып барды. Оқушылар кітапхана ішін аралап ондағы залдармен танысты, олар үлкендерге арналған кітаптарды көрді. Балалар «Кітапты сыйға тарту» акциясына қатысты. Кітапханаға орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Б. Аманжолова 9 «а» сыныбының оқушысы Матвеев Лебондамен бірге, 7 «а» сыныбының оқушылары кітаптар сыйлады. Л.В. Шведова кітапхана қорына ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің 9 томдық шығармасын сыйлады.
Дата: 20.02.2016, 7:36 Автор: №10 ЖББОМ