Спартакиада
2016 жылдың 17 ақпанында 3-ші сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына арналған спорттық ісшаралар өткізілді. Ол «Алға, Қазақстан!» және «Көңілді спартакиада» ұранымен өткізілді. Оған оқушылармен бірге сынып жетекшілері де қатысты. Спартакиада нәтижесі бойынша 3А сыныбы -бірінші, 3В сыныбы –екінші, 3Б сыныбы- үшінші орындарға ие болды. Жеңімпаздар Құрмет грамотасымен марапатталды.
Дата: 20.02.2016, 7:16 Автор: №10 ЖББОМ