Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген онкүндік туралы ақпарат

2016 жылдың 02 ақпанында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы » онкүндігі шеңберінде ӘБ жетекшісі М.Н. Мацевка жиын өткізіп, ісшара жоспарын хабарлады және өткізуге жауапты тұлғаларды таныстырды, оқушылардың осы шараларға белсенді қатысуларына тілектестігін білдірді.
Мектеп кітапханашысы Н.Н. Куприянчик рухани-адамгершілік тұрғысында білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның атқарған істері туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мұғалім М.А. Акопова «Батылдық және табандылық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта жағдайларды талдау мәселесі белсенді жүргізілді және әр оқушы өз пікірін ортаға салды.
Мұғалім М.А. Ливицкая «Кешірімді болайық» тақырыбында өзін-өзі тану пәні сабағын өткізді. Сабақта балалар мейірімді болуды, адамдармен сыйласуды, ренішті ұмытуды үйренді. Мектептің оқушылары «Өзін өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне арналған үйірмеге белсенді қатысты.
Алда балаларды көптеген қызықты және әсерлі ойындар күтіп тұр.
Суреттердің, қол өнерлерінің көрмесі ұйымдастырылды.