ЖББ № 10 орта мектептің «Мектебіміз Жаңа жылды қарсы алды» атты мерекесін өткізуі туралы ақпараты 2015-2016 оқу жылы

ЖББ № 10 орта мектептің «Мектебіміз  Жаңа жылды қарсы алды» атты мерекесін өткізуі туралы ақпараты 2015-2016 оқу жылы

Жаңа жыл мерекесіне дайындалу жұмыстары басталды. Жаңа жылдық безендіру орындары сыныптар бойынша бөлінді, қойылымдарды дайындауға жауапты тұлғалар тағайындалды,  ертеңгіліктер мен кештерді өткізу кестесі бекітілді.

    Көркемдік және музыкалық жетекшілер мерекеге дайындықты жүргізді.   Жаңа жылдық қойылымдарға қатысушылар үшін костюмдер тігілді. Үлкен зал төрінен  шырша орын алды. Желтоқсанның 24,25 күндері екінші ауысым уақытында оқушылар өздеріне бөлінген орындарды безендірді. Әр сынып (1-11) ата-аналарымен  бірге  жаңа жыл мерекесіне өз үлестерін қосты.  Безендіру жұмыстарына ата-аналар мен оқушылар белсене қатысты. Жаңа жылдық шырша мерекесі де басталды, безендірілген залдан қонақтарымыз  үлкен әсер алды.     

23.12 бір топ мұғалімдер мен оқушылар қалалық шырша шамын жағу салтанатына қатысты.

2015 жылдың желтоқсан айының 27-ші, 28-ші жұлдызы   1-4 сынып оқушылары үшін, «Аяз Ата және бәріміз, бәріміз» атты жаңа жыл ертеңгілігі басталды.  Жаңа жылдық сахна қойылымдарын дайындаған және режиссер,  актриса болған аға тәлімгер Г.В. Кубыкина. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін ойнаған  11,10,8,7,6,3,4 сыныптардың оқушылары мен  Аяз Ата, Аққала, Ақшақар рөлдерін нақышына келтіріп ойнаған кейіпкерлер көрермен қауымға жаңа жылдық көңіл сыйлады. Балаларда кейіпкерлерді ортаға алып, шыршаны айналып ән айтып, ойындар ойнап  мерекенің сәнін келтірді. Жаңа жылдық қойылымдарға қатысқан мұғалімдер мен оқушылар өздерінің шығармашылық  шеберліктерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Ортаға  Аяз Ата да келді, шырша шамы жарқырады, нағыз Жаңа жыл мерекесі енді басталғандай балалар қуанып, шыршаны айналып ән шырқады. Жаңа жылдық ертеңгіліктегі «Вьюга», «Бананы», «Увезу тебя я тебя в тундру», «Снежинки», «Поварята» билері сәнді болды. (жетекшісі Л.В. Лоскутова)

   Мұғалімдер Г.В. Кубыкина, Т.В. Якушенко, Е.А. Кубыкина бишілер тобының  костюмдерін ерекше үлгімен әзірледі  және  тікті.  Ата-аналар мен балалар  мерекені ұйымдастырушыларға және қойылымдарға қатысушыларға алғыстарын айтты.  

Жаңа жыл мерекесі 5,6-сыныптар оқушылары үшін  жалғасты.  Ұйымдастырушылар  5-сыныптардың оқушылары. (сынып жетекшілері Е.А. Кубыкина, Т.В. Якушенко)  Балалар ертегі кейіпкерлерінің өнерлерін қызыға тамашалады,  музыка және би өнерінде дайындаған.  Мерекенің басты қонақтары Аяз Ата мен Ақшақар болды.  Көңілді ән әуенімен би басталды.

     28 желтоқсанда 7,8-сыныптардың оқушылары үшін,  «Жаңа жылдық саяхат»  кеші өткізілді. (жауапты 7 «б», сынып жетекшісі О.А. Желобецкая) Сыныптар әлем елдеріне саяхат жасады.  Кеш бағдарламасы бойынша сыныптардың шығармашылық топтары  ән, өлең айтып,  қойылымдар көрсетіп  әлем елдеріндегі Жаңа жылды қарсы алу салтын көрсетті.  8 «а» сыныбының қыз балалары  жапон биін биледі. 8 «б» сыныбының оқушылары қазіргі мәнерде ертегілер көрсетті.  7 «б» сыныбының оқушылары Бразил халқының  Жаңа жылды қарсы алу дәстүрін көрсетті.  Аяз Ата мен Ақшақар балаларға ойындар, конкурстар өткізді. 7,8-сыныптардың кештері Жаңа жылдық бимен аяқталды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

 Желтоқсанның 29-шы жұлдызында, жоғарғы сынып оқушыларына арналған Жаңа жылды қарсы алу кеші өтті. Кешке қатысушыларды мерекеге сай киінген ер балалар, Жаңа жылдық көңіл-күй тілей отыра қарсы алды.

Жалпы кешті ұйымдастырып,өткізген 11-сынып оқушылары Жаңа жылдық мерекенің басын вальспен ашты.

Әсем әуеннің ырғағымен 10 және 9-шы сынып оқушылары вальс биін жалғастырды.

Мерекелік кештің жүргізушілері, 11-ші сынып оқушылары Садуахасов А.,Алимбаева Д. жалынды ,жылы тілек сөздермен кешке қатысушыларды баурап алды.

Алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша сынып оқушылары әр түрлі мемлекеттердің Жаңа жылды қарсы алу ерекшеліктерінен үзінділер көрсетті. Атап айтқанда,10 –сынып оқушылары Индия елінің ұлттық өнерін сахналады.

Одан басқа Тибет,Япония,Испания  елдерінің жаңа жылды күтіп алуы сахналанды.

11-сынып оқушыларына Ресей мемлекетінің ерекшелігін сипаттау түскен болатын. Түлектер мәнді де, нақышына сала отырып, жалпы Жаңа жылдың тарихын айтып ,жеткізе алды.

11-ші сынып оқушысы, Веснин Александрдың Перт І-шіні сахналаған кезі кешті ажарландыра түсті.

Әр сыныптың «үй тапсырмаларын» сахналау арасында ,кешті жүргізушілер музыкалық кідірістерді жариялау конкурстарын өткізе білді. Атап айтқанда, 11- сынып жетекшісі (Шегирова Г.А.) жүргізген  «Веер тілі» интеллектуалды ойынын жариялау үшін, көрермендер арасынан бір адам шығып,ойын аты ішіне салынған шарды жарды.

Осы шамада бірнеше музыкалық кідірістер қызықты өткізілді. «Құпиялы шығыс елі» биінен көрініс.

Жаңа жылдың бас кейіпкерлері  Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күткен кешке қатысушылар,шапалақпен ортаға шақырды. Аяз Ата (11-ші сынып, Қадыр Нұржан)  шырша шамын жарқыратып, Жаңа жылға жаңа табыс тілей отыра оқушыларды шыршаны айнала ән салуға ұйымдастыра білді.

Кеш соңында ұйымдастырушы, 11-сынып оқушылары дайындаған Жаңа жылдық флешмобқа барлық залда отырғандар қатысты. Мерекелік кеш Жаңа жыл дискотекасымен аяқталды.  

Жоғары сыныптар оқушыларының кештері мен мерекесінде мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар, ҚЮП мектеп инспекторлары кезекшілік етті. Қалалық ББ әдіскері Арай Хамзадаевна Орынбаева қатысты.

Мектептегі Жаңа жылдық ісшараларға мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысты,  жақсы лебізбен  тарады.

Дата: 5.01.2016, 5:49 Автор: №10 ЖББОМ