Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін тойлауға арналған шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы ЖББ № 10- орта мектептің ақпараты 2015 жыл 23.11-30.11

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін тойлауға 2015 жылғы қарашаның 23-інен 30-ына дейінгі уақыт арналды.
Н.А. Назарбаевтың атқарған тиімді істерінің негізінде, осы мерзімде мектепте өткізілген барлық шаралар қоғамның бірлігін нығайтуға, тәуелсіздік идеясын насихаттауға бағытталды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін тойлау шеңберінде ЖББ № 10-орта мектепте төмендегідей іс-шаралар өткізілді:
2015 жылдың 23 қарашасында мектеп ғимаратына «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президентінің Күні (мемлекеттік және орыс тілдерінде)» баннері ілінді, мектеп ауласына көк және сары түсті жалаушалар тартылып, ғимарат шатырына ҚР Мемлекеттік Туы орнатылды (түнгі уақытта жарықтандырылады).
«Мектеп ғаламшары» қабырғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде ҚР Президенті, саясатшы, қоғамдық қайраткер, тұлға – Н.Ә. Назарбаевтың фотосуреттері, әсем қаламыз Астананың көрікті орындары орын алды.
«Тәуелсіз Ұлттың Көшбасшысы» деген тақырыпта мектеп кітапханасында кітаптар көрмесі өткізілді. Мектеп кітапханашысы Н.Н. Куприянчик оқушыларды Тұңғыш Президентіміздің өмірімен және еңбектерімен таныстырды. Оқушылардың назарына Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өмірінен, Тәуелсіз Қазақстан тарихынан материалдар ұсынылды.
9-11 сыныптардың оқушылары «Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы» тақырыбында шығарма жазу конкурсына қатысты. Қорытындысында 11-сынып оқушысы Ж. Нұрғалиеваның жұмысы ең үздік шығарма болды. 5-7 сыныптардың оқушылары «Мен елімнің патриотымын» бейнеролик конкурсына қатысты. 1-орынды 5 «а» сыныбының оқушысы Милана Смаилова жеңіп алды. Бейнефильм сынып сағатында көрсетілді. Мектептің 1-4 сыныптардағы мәнерлеп оқудың үздік шеберлері дәстүрлі «Менің Елбасым менің мақтанышым» конкурсына қатысып, Отан туралы, өлке туралы өлеңдер оқыды.
28.11. барлық сыныптарда әр түрлі әдістерді қолдану арқылы сынып сағаттары өткізілді. 9 «а» сынып оқушылары сынып жетекшісі К.Б. Аманжоловамен бірге жаңа технологияның қазіргі элементтерін қолдана отырып, Тұңғыш Президент өмірінің беттеріне саяхат шолу жасады. 10,11 сыныптардың оқушылары үшін өткізілген дөңгелек үстел танымдық және қызықты болды, оған ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Т. Тугамбаев қонаққа шақырылды. Шыңғыс Толегенович оқушыларға қазақстандықтар өмірінің барлық саласындағы Президентіміз жүргізіп отырған саясаты туралы, негізгі нормативтік құжаттардың мазмұнын жетік түсіндірді. Кәсіби бағытта жұмыстар жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары қонақтың мамандығымен танысты, сұрақтар қойды.
30 қарашада 1-11 сыныптардың оқушылары үшін, «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты жалпы мектептік салтанатты жиын өткізілді. Жиында оқушыларға 1 желтоқсан Тұңғыш Президентіміздің сайланған күні екені айтылып, Қазақстан Республикасының Президенттік институты орнатылып, біздің мемлекеттігіміздің барысына және дамуына өлшеусіз еңбек еткендігі түсіндірілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы, оның бірлігін нығайтушы, Конституциясын, адамдардың, азаматтардың құқығын және еркіндігін қорғаушы. Тұңғыш Президентіміздің жетістіктері халықтың үлкен құрметіне және сеніміне жеткізді. Мектеп мұғалімдеріне және оқушыларына мектеп директоры Л.Ю. Горбулева құттықтау сөзін сөйледі. Людмила Юрьевна сөзінде Президентіміздің жыл сайынғы халыққа Жолдауын қатысушылардың назарына салды. Жиында «Қазақстан туралы» әндер шырқалды, өлеңдер оқылды.
Жиында «Н. Назарбаев – человек эпохи» бейне фильмі көрсетілді.
Жиында «Жас Ұлан» БЖБҚ Ұланбасы мектеп комитетінен 8-сынып оқушысы Н. Голубевская салтанатты ант берді.
Мектеп дәстүрі бойынша пән олимпиадаларының, конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары грамотамен марапатталды.
Салтанатты жиын ҚР Президентіне арналған ұранмен аяқталды. Жиынды өткізуде рәміздерді құрметтеу ережелері сақталды ( ҚР Мемлекеттік Туы және Елтаңбасы орнатылды, ҚР Әнұраны орындалды).
Тұңғыш Президент Күнін тойлау шеңберінде мектебімізде спорттық жарыстар өткізілді, оған әр жастағы командалар 5,7 сыныптардың оқушылары қатысты (жауапты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Н. Черных).
Жарыста қазылар алқасының мүшесінде мектептің өзін-өзі басқару өкілдері (9-сынып оқушылар) болды. Жеңімпаз командалар марапатталды.
30 қарашада 10,11 сыныптардың оқушылары, ұстаздар ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жаңа Жолдауын көріп тыңдады. Президентіміздің Жолдауына пікір жазылды.
5,6,7 сыныптардың қыз балалар вокальдық тобы патриоттық әндер бойынша қалалық фестивальге қатысты (жетекшілер Г.В. Кубыкина, М.В. Кладинова).
ЖББ № 10-орта мектептің мұғалімдер және оқушылар ұжымы ҚР Тұңғыш Президенті Күнін лайықты қарсы алды.