Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

2015 жылғы қарашаның 19-ында және 20-сында  жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда мынадай  сұрақтар қарастырылды:

1. Құқықтық жалпыға білім беру. ҚР «Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қараусыздығын және панасыздығын ескеру туралы» Заңы;

2. 2014-2015 оқу жылындағы  оқу-тәрбие ісінің қорытындысы;                                                                                                    

3. Әр жастағы кезеңде балаларды  құқықтық мәдениетке тәрбиелеу проблемалары;

 

4. Зиянды әдеттердің алдын-алу, олардан қорғану әдісі.

 

 ҚР «Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қараусыздығын және панасыздығын ескеру туралы» Заңы  жайлы  ҚЮП участок инспекторы, полиция капитаны А.Е. Дергачев  айтты. Ол сонымен бірге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің бабтарын және оларға жазалау шаралары туралы баяндады.

Екінші сұрақ бойынша 1-ші тоқсан қорытындысы туралы ақпаратпен мектеп директоры Л.Ю. Горбулева және ТЖ бойынша директор орынбасары Л.В. Кириченко сөз сөйледі.

 Ата-аналар әлеуметтік педагог А.В. Игнатенконың баяндамасын тыңдады. «Әр жастағы кезеңде балаларды  құқықтық мәдениетке тәрбиелеу проблемалары». Ата-аналарға зиянды әдеттердің алдын-алу, олардан қорғану әдісі туралы СӨС орталығының дәрігері Г.Ж. Жумашева әңгімеледі. Бөлшек сауда бизнесі бөлімінің маманы А.М. Сыздықова Нұрбанктің жинақтау жүйесі туралы ақпаратымен сөз сөйледі. Жиналыс барысында бейне және слайд фильмдер көрсетілді. Ата-аналарға буклеттер және парақтар таратылды.

Дата: 25.11.2015, 9:10 Автор: №10 ЖББОМ