«Есірткісіз көше» акциясының өткізілуі туралы ЖЖБ № 10- орта мектептің ақпараты 2015 - 2016 оқу жылы

«Есірткісіз көше» акциясының өткізілуі туралы ЖЖБ № 10- орта мектептің ақпараты 2015 - 2016 оқу жылы

Қыркүйек айында оқушылармен салауатты өмір салтын  және зиянды әдеттерге келіспеушілік қатынасты қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.  8,9-сыныптардың оқушылары үшін лекция өткізілді. СПИД-пен күресу орталығының дәрігері В.Г. Сивун есірткіні қолданудың зияны туралы айтты.  Оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап берді.  Кездесудің белсенді қатысушыларына Виктор Григорьевич  СПИД-пен күресу символымен блокнот тапсырды.  2015 жылғы қыркүйектің 15-інен 17-сіне дейін, «Есірткісіз көше» акциясына қатыстық. Сынып бұрыштарында «Бұл маңызды» айдарымен есірткінің, шылымның және ішімдіктің проблемалары туралы материалдар жарияланды. Сынып жетекшілері  салауатты өмір салтымен өмір сүрудің қажеттігі туралы, зиянды әдеттердің залалы туралы, ҚР «Есірткімен және есірткі бизнесімен күресу туралы» Заңды оқу жайлы әңгіме өткізді. Әңгімеге оқушылар белсенді қатысып, өздерінің пікірлерін айтты. Мектеп кітапханасында «Біздің таңдауымыз - есірткісіз әлем» (кітапханашы Н.Н. Куприянчик).  «Мектеп ғаламшары» ақпараттық қабырғасында тақырып шеңберінде материалдар жарияланып, сурет конкурсына қатысушылардың жұмыстары қойылды.  Әлеуметтік-психологиялық қызметі «Есірткі-тұлға қасіреті» тақырыбында оқушылармен әңгіме өткізді.  Мектеп психологы оқушылармен сауалнама жүргізді. СП отряды мектеп және мектеп аумағы бойынша рейд жүргізді. Жеке әңгімелер жүргізіліп, «Жастар-есірткіге қарсы!»  парақтары таратылды. Әлеуметтік педагог А.В. Игнатенко тәуекел топтағы балалармен және олардың ата-аналарымен  әңгіме сағаттарын өткізді.

Дата: 7.10.2015, 4:51 Автор: №10 ЖББОМ