«Менің сүйікті кітабым және жасанды интеллект»
17 қарашада КММ «№10 жалпы білім беретін мектепте» кітапханашы Леонтьева А. А. 6-сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті кітабым және жасанды интеллект» тақырыбында эссе байқауын өткізді.
Байқау барысында оқушылар сүйікті әдеби шығармалары туралы ойларымен бөлісіп, шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын танытты. Сондай-ақ әдебиет әлеміндегі заманауи технологиялардың рөлі туралы ой толғады.
Байқау кітап оқуға деген сүйіспеншілікті инновациялық технологиялармен ұштастырып, кітап пен жасанды интеллект шығармашылық пен танымның жаңа көкжиектерін ашатынын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Оқимыз, ойланамыз, шығармашылықпен айналысамыз және болашаққа қадам басамыз!
Date: 25.11.2026, 10:27 Author: School №10