Мектепте 4-сынып оқушылары арасында «Pixel Art» тақырыбында компьютерлік графика бойынша сурет байқауы өткізілді.
Мектепте 4-сынып оқушылары арасында «Pixel Art» тақырыбында компьютерлік графика бойынша сурет байқауы өткізілді. Оқушылар өз жұмыстарын графикалық бағдарламалар арқылы жасап, сурет салу және өңдеу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Бағалаудың негізгі критерийі — пиксельдік графика стилінде суретті ұқыпты орындау, пішін мен түстер үйлесімін сақтай білу болды. Жұмыстар антиплагиат жүйесі арқылы тексерілді, сондықтан барлық оқушылардың графикалық суреттері іріктеу кезеңінен өте алмады.
Байқау барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялын және компьютерлік графикалық бағдарламаларды жақсы меңгергенін көрсетті.
Date: 16.02.2026, 12:30 Author: School №10