«Табиғат әлемі балалардың көзімен» тақырыбындағы суреттер көрмесі біздің мектепте 15 сәуірден басталды.
«Табиғат әлемі балалардың көзімен» тақырыбындағы суреттер көрмесі біздің мектепте 15 сәуірден басталды. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында өтуде. 1-4 сынып оқушылары өз жұмыстарында табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын жеткізді. Осындай жобалар арқылы біз болашақ ұрпаққа табиғатты қорғау керек екенін, бұл біздің басты байлығымыз екенін түсіндіргіміз келеді. Яғни, еліміздің, қаламыздың, сондай-ақ мектебіміздің тазалығы-бұл өте маңызды. Көрменің барлық қатысушылары жиында күнделіктеріне алғыс алады!
Дата: 18.04.2025, 15:12 Автор: №10 ЖББОМ