2025 жылғы 17 наурызда «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Зардап шегушіге көмек көрсету» практикалық сабағы өтті. «Зардап шегушіні тасымалдау».

2025 жылғы 17 наурызда Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған айлықты өткізу шеңберінде 6,9 сынып оқушылары үшін төтенше жағдайлар кезінде теориялық білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін жетілдіру, нығайту мақсатында АӘжәнеТД оқытушы-ұйымдастырушысы Р.Л.Алиев «Зардап шегушіге көмек көрсету. Зардап шегушіні тасымалдау» практикалық сабағын өткізді. Оқушылар зардап шегушіге көмек көрсету ережелерін, әртүрлі төтенше жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін қайталап, тәжірибеде пысықтады.
Дата: 18.03.2025, 8:26 Автор: №10 ЖББОМ