Танымдық және қызықты болды!

Танымдық және қызықты болды!

1972 жылдан бастап Халықаралық АҚ күні атап өтіледі. 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХҚҰ) құрылды. Жыл сайын Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні белгілі бір ұранмен атап өтіледі, ағымдағы жылда бұл: «Біздің міндетіміз — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету».

        28 ақпанда «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының құрамына кіретін Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№10 ЖББМ» КММ-нің оқушылары отряд жетекшісі АӘ және ТД педагог – ұйымдастырушы Р.Л. Алиевпен бірге Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған ТЖМ техникасы мен жабдықтарының мамандандырылған көрмесіне қатысты.

         Балаларға өрт сөндіру кезінде, адамдарды суда және басқа жағдайларда құтқару кезінде қолданылатын техника туралы айтылды. Жол - көлік оқиғасына ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған көлік оқушыларды қызықтырды. Балаларға экскурсия ұнады!

 

Дата: 3.03.2025, 9:28 Автор: №10 ЖББОМ