Балқаш қаласының әкімі бекіткен 2025 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес және балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Балқаш қаласының

Балқашқаласының әкімі бекіткен 2025 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулардыөткізужоспарына сәйкес және балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Балқаш қаласының «№10жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 2025 жылғы 21ақпанда «Жерсілкінісі салдарынан өрт туындаған кезде тұрақты құрам мен балалардың іс-қимылдары» тақырыбыбойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Оқу- жаттығудыңмақсаты-мектептің жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру, төтенше жағдай туындаған жағдайда, жер сілкінісі кезінде өрт туындаған жағдайда сауатты іс-қимылдар мен дұрыс жүріс-тұрыстың практикалық дағдыларын игеру.
Оқу-жаттығуға барлық педагогтар мен техникалық қызметкерлер, мектеп оқушылары қатысты. Мектеп қызметкерлерімен, оқушылармен нұсқаулық өткізілді, төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі пысықталды.



Дата: 25.02.2025, 8:46 Автор: №10 ЖББОМ